Жаңаарқа ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 тамыздағы № 5/37 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 тамызда № 42-20 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 10/74 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 15.11.2023 № 10/74 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудандық мәслихат төрағасы Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады