"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына және "Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
"Келісілді" | |
Қазақстан Республикасының | |
Экология және табиғи | |
ресурстар министрлігі |
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 138 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері
1 | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі (килограмм, дана) | Балық өндірісінің көлемі | Субсидияланатын балық көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Балық азығына тиесілі субсидиялар: | ||||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 39000 | 156000 | 16380,0 |
1.2 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 24000 | 28800 | 7776,0 |
2 | Тұқы, албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар: | ||||
2.1 | Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана | дана | 460000 | 6900, | |
2.2 | Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) уылдырық | дана | 600000 | 3000,0 | |
2.3 | Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана | дана | 217760 | 5444,0 | |
3. | Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау (БӨБН) | дана | 1 | 500,0 | |
Барлығы: | 40000,0 |