2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 171 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 9 маусымда № 39-19 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Қоса беріліп отырған:

      1) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев
      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 171 қаулыға 1- қосымша

2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған субсидиялар нормасы, теңге

1

Қант қызылшасы

25 000

2

Дәндік жүгері

6 000

3

Майлы дақылдар (майбұршақ, күнбағыс, мақсары, рапс)

6 000

4

Қарақұмық

8 000

  Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 171 қаулыға 2- қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 383 қаулысы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Облыс атауы

Бюджеттік қаражат көлемі, теңге

1.

Жетісу облысы

8 444 000 000


Барлығы

8 444 000 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады