Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 252 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 16 тамызда № 54-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 252 Қаулысына қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы

Үй-жайдың атауы

Орналасқан жері

1.

"Алакөл базары" жауапкершілігі шектеулі серіктестік, № 28 бутик

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі №82

2.

"Рынок" жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 қатар

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі №69

3.

"НұрИслам" дүкені

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Бесбаев көшесі, № 29/3

4.

"Асыл Қазына" кітап дүкені

Талдықорған қаласы, Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданы, № 13/1 ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады