"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 252 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №185077 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |