Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 04-31 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 10 мамырда № 22-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кербұлақ ауданының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында орналасқан, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызында (жазғы демалысты қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы К. Бекиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады