Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 07-57 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 20 қыркүйекте № 59-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 24-136 "Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 118772 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ракимбекова Гүлмира Абдигалиевнаға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы К. Бекиев

  Кербұлақ аудандық мәслихаты 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 07-57 шешіміне қосымша

Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1 тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар наградталады.

      3. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:

      1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

      2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;

2 тарау. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстар еңбек, шығармашылық ұжымдарымен, ауданның өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылады.

      5. Наградтау қағазында наградталушының жеке басын сипаттайтын деректер, оның сол саладағы және ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер жазылады. Наградтау қағазына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысымен қол қойылады және қол қойған ұйымның, мекеменің мөрімен бекітіледі.

      Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің және Кербұлақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшыларының наградтау қағазына аудан әкімімен қол қойылады.

      6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының наградтау қағазы мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне наградтау күніне дейін 20 күн бұрын жолданады.

      Әрі қарай Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына наградтау күніне дейін 15 күн бұрын жолданады.

      7. Егер ұсынылған кандидат немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, ол ұсыныс аудандық мәслихаттың сессиясына қарауға енгізілмейді.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Кербұлақ аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      9. Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.

      Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.

      11. Наградтау туралы мәліметтер Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының наградтау мәселесі жөніндегі маманында бес жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.

      12. Құрмет грамотасын аудан әкімі, аудандық мәслихаттың төрағасы наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етеді.

3 тарау. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      13. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.

      Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Кербұлақ ауданының символикасы орналасады.

      Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.

      Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.

      14. Құрмет грамотасын дайындауды аудан әкімінің аппараты жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады