Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8-бабының 1, 2-тармақтарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданының Балпық ауылдық округінің жерлерін нысаналы мақсаты және пайдалану режимі бойынша аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Бейсенбай |
Көксу ауданы мәслихаты 2023 жылғы 6 қазандағы № 11-47 шешіміне қосымша |
Көксу ауданының Балпық ауылдық округінің жерлерін нысаналы мақсаты және пайдалану режимі бойынша аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)