"Сарқан ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы"

Жаңа

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 4-20 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 27 сәуірде № 13-19 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Сарқан ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін".

      2. Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі (Алматы облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2020 жылы 23 қыркүйектегі №146584 тіркелген) "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" № 86-335 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Экономика, бюджет, аграрлық сала, жер қатынастары, экология, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы М. Разбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады