Сарқан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 12-51 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 6 қазанда № 68-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сарқан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Сарқан ауданының әкiмi аппаратының басшысына жүктелсiн.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы М. Разбеков

  Сарқан аудандық мәслихаты 2023 жылғы 4 қазандағы № 12-51 шешімімен бекітілген

Сарқан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы Ережелер

      1. Сарқан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Сарқан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін реттейді.

      2. Сарқан ауданының Құрмет грамотасы азаматтардың жемісті қызметін қоғамдық түрде мойындаудың көрінісі, маңызды моральдық ынталандыру құралдарының бірі болып табылады.

      3. Сарқан ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы):

      1) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан;

      2) қайырымдылық қызметпен айналысатын;

      3) экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi;

      4) белсенді қоғамдық-саяси және еңбек қызметі;

      5) ауданға еңбегі сіңген шетел азаматтары;

      6) аудан алдындағы өзге де еңбектері үшін азаматтар наградталады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныс қарау және келісу үшін он күнтізбелік күн бұрын аудан әкімінің атына енгізіледі.

      5. Аудан аумағында қызмет саласында кемінде 5 жыл өтілі бар Сарқан ауданының еңбек сіңірген тұрғындары, сондай-ақ аудан алдында сіңірген еңбегі бар шетел азаматтары Құрмет грамотасымен марапатталады.

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныс жасауға Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, заңды тұлғалар және өзге де бастамашылық топтар бастама жасай алады.

      7. Ұсыныста наградталушы туралы толық мәлімет (жеке куәлік бойынша тегі, аты, әкесінің аты, білімі, лауазымы, сіңірген еңбегі) көрсетіледі.

      8. Аудан әкімі аппаратының салалық бөлімі Құрмет грамотасымен наградтау туралы мәселені зерделеп, сол салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарымен келісе отырып, белгіленген нысан бойынша мемлекеттік тілде Құрмет грамотасының мәтінін дайындайды.

      9. Aталған мәліметтерді уақытында немесе толық ұсынбау ұсынысты қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.

      10. Қайтадан наградтау алдыңғы наградтау күнінен бастап 5 жыл өткеннен кейін жүргізіледі.

3. Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      11. Құрмет грамотасын табыс ету салтанатты жағдайда жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе оның уәкілетті ресми өкілі табыс етеді.

      12. Құрмет грамотасына Сарқан ауданының әкімі қол қояды.

      13. Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу және есепке алуды аудан әкімінің аппараты жүзеге асырады.

      14. Тапсырған адамның қолы қойылған, мөрімен бекітілген тапсыру туралы хаттама үш жұмыс күн ішінде аудан әкімінің аппаратына жіберіледі. Аудан әкімінің аппараты тоқсандық және жылдық түгендеу есебін жүргізеді.

      15. Құрмет грамотасымен наградтау туралы аудан әкімінің өкімі шығарылады.

4. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      16. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы папкадан және жапсырмадан тұрады.

      17. Папка қоңыр қызыл түсті баладектен жасалады. Папканың мұқабасында көлемі 8,5х8,5 сантиметр болатын Сарқан ауданының таңбасы бейнеленген және баспаханалық қаріппен "Құрмет грамотасы" деп жазылған.

      18. Грамотаның жапсырмасы ашық-көк түсті, мұқабасында Сарқан ауданының таңбасы, таңбаның астында "Құрмет грамотасы" деп жазылып, ұлттық өрнек бейнеленген. Жапсырманың сырты, ішкі сол және оң жақ беттері көк түсті, ішінде ұлттық оюы бар жиекпен көмкерілген. Жапсырманың ішкі сол жақ бетінің ортасында Сарқан ауданының таңбасы, таңбаның үстінде және астында ұлттық өрнек бейнеленген, ал оң жақ бетіне "Сарқан ауданынының Құрмет грамотасы" деп жазылған, ары қарай марапаттау мәтініне, аудан әкімінің қолы мен мөріне орын қалдырылған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады