"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері санатына жататын адамдарға санаторлық-курорттық емдеу ұсыну түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау шарасы белгіленсін.
2. Санаторлық-курорттық емдеу түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау шарасын қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |