Қарағанды облысы Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 25/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 25 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 6394-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 2-бабының 3-тармағына және 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Абай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № 65/01 бірлескен қаулысына және Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 қарашадағы № 72/756 "Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу туралы" шешіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысының Абай ауданының әкімшілік – аумақтық құрылымына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Қарағанды ауылдық округінің Жартас ауылының әкімшілік бағынысына және аумағына енгізіліп, кейіннен есепке алу деректерінен алып тастай отырып, Қарақоға ауылы таратылсын;

      2) Самарка ауылдық округінің Самарка ауылының әкімшілік бағынысына және аумағына енгізіліп, кейіннен есепке алу деректерінен алып тастай отырып, Изумрудное ауылы таратылсын;

      3) Самарка ауылдық округінің Самарка ауылының әкімшілік бағынысына және аумағына енгізіліп, кейіннен есепке алу деректерінен алып тастай отырып, Пруды ауылы таратылсын;

      4) Самарка ауылдық округінің Самарка ауылының әкімшілік бағынысына және аумағына енгізіліп, кейіннен есепке алу деректерінен алып тастай отырып, Бородиновка ауылы таратылсын;

      5) Көксу ауылдық округінің Көксу ауылының әкімшілік бағынысына және аумағына енгізіліп, кейіннен есепке алу деректерінен алып тастай отырып, Зеленые Ключи ауылы таратылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев
      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады