"Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 94/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 6542-09 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 "Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3923 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы каулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігіні
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 94/02 қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 шілдедегі
№ 49/05 қаулысына қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) басшы және басшының орынбасары;

      2) басшы және бөлімше меңгерушісі (бөлімшенің, бөлімнің, бөлімшенің);

      дәріхана меңгерушісі (дәрімен қамтамасыз ету бөлімнің, қойманың);

      3) маман: барлық мамандықтар бойынша дәрігерлер, медбике (-аға), фельдшер және акушер, психолог, есепші, диета жөніндегі бике, емдік дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, тіс технигі (тіс протездік бөлімнің, кабинеттің лаборанты), лаборант (медициналық), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статист, әдіскер), денсаулық сақтау менеджері, рентген лаборанты, мамандандырылған медбике (-аға), фармацевт (провизор), фельдшер (-лаборант), маман-психолог, экономист, кадрлар бөлімінің инспекторы, оқытушы, аудармашы, заңгер-кеңесші, инженер, программист (ақпараттық технологиялар маманы, жүйе ұйымдастырушысы), оператор, медициналық тіркеуші, залалсыздандырғыш маманы (дизенфектор), іс жүргізуші, кассир, әдіскер, механик, диспетчер, әлеуметтік қызметкер, оператор: көшірме-көбейту машиналарының, байланыс жүйесінің, компьютерлік техникалардың (бағдарламалардың), электрондық-санау машиналарының, компьютерлік жабдықтары бойынша қызмет көрсету, хатшы-машинист, әлеуметтік қызметкер, барлық атаулардың техниктері;

      4) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорындарға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуге қамтылған құрылымдық бөлімше басшысы: қазандық бөлменің, кір жуатын бөлменің, қойманың, шаруашылықтың, сүт асханасының.

      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

      1) Үйге әлеуметтік көмек беруші бөлім (бөлімше) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі кеңесші, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша қажеттілікті бағалау және анықтау бойынша әлеуметтік қызметкер, қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, Мансаптық орталықтың басшысы және маманы.

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, меңгеруші, басшы: филиалдың, бөлімнің, бөлімшенің, орталықтың, лагерьдің, кабинеттің, пункттің, клубтың, кітапхананың, кәсіби практиканың, шеберхананың, зертхананың, оқу-өндірістік шеберхананың, спорттық құрылымның (кешеннің), бассейннің, сектордың, зертхананың, комбинаттың, жатақхананың, интернаттың, шаруашылықтың;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: дәрігерлер мен мұғалімдердің барлық мамандықтары, мұрағатшы, медбике, фельдшер, кітапханашы, тәрбиеші, көшбасшы, барлық инженерлердің мамандықтары, барлық техниктердің атауы, жаттықтырушы, нұсқаушы: дене шынықтыру бойынша, еңбек бойынша, жүзу бойынша, әдіскер, оқытушы, аудармашы, программист, мастер, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, хареограф, аккомпаниатор, есепші, іс жүргізуші, инспектор: кадр, кадр мәселелері бойынша, арнайы жұмыс бойынша, паспортист, комендант, экономист, лобарант, әдіскер, механик, мастер, алғашқы әскери дайындық бойынша мұғалім-ұйымдастырушы, хатшы-машинист, хатшы, оқу ісі бойынша хатшы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог, тәрбиешінің көмекшісі, спорт бойынша жаттықтырушы-мұғалім, өндірістік оқу бойынша мастер, музыкалық жетекші, режим бойынша кезекші, диета бойынша медбике, ана-тәрбиеші, логопед, статистик, менеджер, мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер, музыкалық аспаптарды түзетуші (жөндеуші), оператор, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша маман, заңгер, заңгер-кеңесші.

      4. Мәдениет және мұрағаттар мамандарының лауазымдары:

      Әкімші, аккомпониатор, мұрағатшы, археограф, барлық атаулардың әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, есепші, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, қорлардың бас сақтаушысы, іс жүргізуші, дирижер, басшының орынбасары, әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары, басшы, бөлімнің, сектордың, филиалдың, шарушылық бөлімнің, шеберхананың меңгерушісі, сектордың басшысы, дыбыс операторы, дыбыс режисері, мұрағатты сақтау меңгерушісі, барлық инженер атауларының мамандары, инструктор, инспектор, өнертанушы, концертмейстер, мәдени шараларды ұйымдастырушысы, билет бақылаушысы, кассир, мастер, әдіскер, механик, музыка жетекшісі, кіші ғылыми қызметкер, мұражай қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, программист, аудармашы, мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы, редактор, режиссер, бас ғылыми қызметкер, хатшы, барлық атаулардың техниктері, хореограф, хормейстер, барлық атаулардың суретшілері, қорларды сақтаушы, экономист, экскурсовод, заңгер-кеңесші.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары, бөлімшенің басшысы, оның ішінде: шаруашылық меңгерушісі және қойма меңгерушісі);

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әдіскер, дәрігер, жаттықтырушы, медбике, есепші, экономист, аудармашы, программист, хатшы, кадр бөлімінің инспекторы, архивариус, іс жүргізуші, барлық атаулардың техниктері, инструктор-әдіскер, спорт бойынша инструктор-спортсмен, заңгер, инженер-техник, механик, зоотехник.

      6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) басшы және басшының орынбасары;

      2) пункт, шаруашылық меңгерушісі;

      3) мамандар: мал дәрігері, мал фельдшері, мал санитары, зоотехник, аулау жөніндегі маман, техник-ұрықтандырушы, есепші, экономист, есепке алу жөніндегі оператор, кадрлар жөніндегі инспектор, заңгер.

      7. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мамандарының біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі барлық санаттағы лауазымдары:

      1) директор;

      2) директор орынбасары;

      3) барлық санаттағы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар инженерлерi;

      4) аңшылықтанушы;

      5) орманшылық басшысы;

      6) орманшылық басшысының көмекшiсi;

      7) орман шебері;

      8) орманшы (инспектор);

      9) орман өрт сөндіру стансасының басшысы;

      10) тұқымбақ басшысы;

      11) бас бухгалтер;

      12) бухгалтер;

      13) экономист;

      14) заңгер;

      15) қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер;

      16) механик;

      17) бағдарламашы;

      18) қойма меңгерушісі;

      19) кадрлар жөніндегі инспектор;

      20) диспетчер;

      21) аудармашы;

      22) іс жүргізуші;

      23) жүргізуші;

      24) тракторшы;

      25) жиыстырушы;

      26) күзетші;

      27) радио-оператор;

      28) слесарь;

      29) дәнекерлеуші;

      30) электрик;

      32) орман өрт қызметшісі;

      33) эколог;

      34) ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы;

      35) экскурсия жүргізуші;

      36) қоғаммен байланыс жөніндегі маман;

      37) ихтиолог;

      38) биолог;

      39) рекреация және туризм инженері;

      40) мұражай меңгерушісі;

      41) экологиялық ағарту инженері;

      42) орнитолог;

      43) бас ғылыми қызметкер;

      44) жетекші ғылыми қызметкер;

      45) аға ғылыми қызметкер;

      46) ғылыми қызметкер;

      47) кіші ғылыми қызметкер;

      48) орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақ негізгі қызметтерінің барлық мамандықтарының инженері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады