"Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 07/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 9-0-6354 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27262 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      аталған қаулының 5 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1 тармағы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2023 жылғы 27
қаңтардағы
№ 07/01
қаулысына 1-қосымша
  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 17
наурыздағы
№ 16/01
қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекен

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

10,5 сағаттық болу режимі бар топтар

9 сағаттық болу режимі бар топтар

Жарты күн болатын шағын орталықтар, жалпы білім беретін мектеп жанындағы мектепалды даярлық сыныптары

Түзету топтары

Санаторлық топтар

Ауыл

8 823

50 933

46 891

22 310

91 748

76 311

Қала

31 575

46 189

42 674

20 202

81 864

68 404

Барлығы

40 398






Радиация аймағындағы өңірлер үшін

Ауыл

8 823

52 681

48 445

23 045

95 389

79 223

Қала

31 575

47 937

44 228

20 937

85 505

71 316

Барлығы

40 398






  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2023 жылғы 27
қаңтардағы
№ 07/01
қаулысына 2-қосымша
  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 17
наурыздағы
№ 16/01 қаулысына
2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

Аймақтың атауы

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері

Тәрбиеленушілер саны

Балабақша/ бөбекжай (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Балалар толық күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

9 сағаттық жұмыс режимі бар мектепке дейінгі ұйым (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Абай ауданы

2 170

13 500/14 500

11 500/12 500

13 500/14 500


Ақтоғай ауданы

512

14 000/16 000

8 000/8 500



Балқаш қаласы

3 032

13 900/17 200

13 900/17 200

13 900/17 200


Бұқар жырау ауданы

1 711

14 000/15 000

14 000/15 000

14 000/15 000


Қарағанды қаласы

18 248

16 000/17 000

16 000/17 000

16 000/17 000


Қарқаралы ауданы

1 061

10 500/11 500

6 400/6 500

10 500/11 500


Нұра ауданы

978

14 500/15 000



9 500/10 000

Осакаров ауданы

1 124

11 440/14 500

11 440/14 500



Приозерск қаласы

501

14 500/15 500

14 500/15 500



Саран қаласы

1 595

13 000/16 000

13 000/16 000

13 000/16 000


Теміртау қаласы

5 876

16 000/17 000

16 000/17 000

16 000/17 000


Шахтинск қаласы

2 323

16 000/17 000

16 000/17 000

16 000/17 000


Шет ауданы

1 267

12 000/13 000

12 000/13 000

12 000/13 000


Барлығы

40 398






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады