Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теміртау қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 22/5 "Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4577 тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 4/4 шешіміне қосымша |
Теміртау қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығымен қоса) |
Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер | айына бір тұрғыннан | 480,0 |
Жылдық тариф бір бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 3410,57 |