Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 22/5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 4577 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 4/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 05.05.2023 № 4/4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Урываев
      Мәслихат хатшысы А. Ломакин

  Теміртау қалалық мәслихатының
22 сессиясының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 22/5 шешіміне қосымша

Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Бір жылда жиналу нормасы м3

Тариф, теңге 1 м3 үшін (қосылған құнға салығымен)

Бір айға құны (теңге)

Заңды тұлғалар


2036,34


Жеке тұлғалар

Жабдықталған тұрғын үй (1 тұрғынға)

1,65

2036,34

280,00

Жеке тұлғалар

Жабдықталмаған тұрғын үй (1 тұрғынға)

2,15

2036,34

364,84


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады