"Балқаш қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 6/46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2/16 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 6404-09 болып тіркелді

      Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 6/46 "Балқаш қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23713 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Муслымов

  Балқаш қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 26
сәуірдегі
№ 2/16
шешіміне 1 қосымша
  Балқаш қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 19 шілдедегі
№6/46
шешіміне 1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңгеден артық емес.

      2. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңгеден артық емес.

  Балқаш қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 26
сәуірдегі
№ 2/16
шешіміне 2 қосымша
  Балқаш қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 19 шілдедегі
№6/46
шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Атауы

1.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

1-1.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

1-2.

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

2.

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

3.

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

4.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы №ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

5.

Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

6.

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

7.

Қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

8.

Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

9.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

10.

Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

11.

Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады