Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 75 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2491 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10 бабының 2) тармақшасында, 11 бабының 2) тармақшасында, 12 бабының 2) тармақшасында, 13 бабының 2) тармақшасында, 17 бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";
6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);
оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге;
ұрыс қимылдарының жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне;
Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, зақым алған немесе мертіккен ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, зақым алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға;
2) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамына:
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларға;
амбулаториялық емдеу кезеңінде туберкулез ауруы бар адамдарға;
мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және оқитын көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
санаторий-курорттық емделуге жеке оңалту бағдарламасы бар, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған 1топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне:
1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілік ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
4) 9 мамыр - Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында айқындалған "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдарға;
5) 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне:
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларға;
амбулаториялық емдеу кезеңінде туберкулез ауруы бар адамдарға;
санаторий-курорттық емделуге жеке оңалту бағдарламасы бар, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған 1топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
6) 6 шілде - Астана күніне:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған, соның ішінде оқытудың күндізгі нысаны бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, оқу орынын аяқтағанға дейін кәмелеттік жасқа толған білім алушы балалары бар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), көп балалы отбасыларға;
7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне:
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларға;
амбулаториялық емдеу кезеңінде туберкулез ауруы бар адамдарға;
санаторий-курорттық емделуге жеке оңалту бағдарламасы бар, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған 1топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
8) 1 қазан - қарттар күніне:
жетпіс бес жасқа толған және одан асқан адамдарға;
9) 25 қазан - Республика күніне:
мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар балаларға;
санаторий-курорттық емделуге жеке оңалту бағдарламасы бар, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған 1топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және оқитын көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
10) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне:
1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларға;
амбулаториялық емдеу кезеңінде туберкулез ауруы бар адамдарға.";
8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Әлеуметтік мәні бар аурулар болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде көрсетілетін әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан көрсетіледі.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан ұсынылады.";
10 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"10. Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі - оқиға басталған сәттен бастап үш ай ішінде.";
1, 2 және 3-қосымшалар алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қалалық мәслихатының төрағасы | О. Баймаганбетов |