Саран қаласы және Ақтас кенті жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 38/11 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Cаран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 35 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 маусымда № 6441-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Саран қаласы және Ақтас кентінің келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

      1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;

      2) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға– тегін жолақы;

      3) екінші және үшінші топ мүгедектігі бар адамдарға- тегін жолақы;

      4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата– аналардың біріне - тегін жолақы;

      5) мүгедектігі бар адамдардың қамқоршыларына - тегін жолақы;

      6) жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға – тегін жолақы;

      7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасының қатарынан ата-анасының біреуіне - тегін жолақы;

      8) жетпіс бес жасқа және одан жоғары жасқа толған тұлғаларға – тегін жолақы.

      2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов
      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады