"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2019 жылғы 11 ақпандағы № 7/01 "Шахтинск аймағындағы қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5183 тіркелген);
2) 2019 жылғы 13 мамырдағы № 21/01 "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен іске асырылатын білім беру қызметтерінің бағасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5330 тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |