Шахтинск аймағындағы қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 7/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 5183 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 52/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 18.10.2023 № 52/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156 бабы, 2 тармағына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту.

      2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3/2 "Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтың жүйесінде, 2016 жылғы 13 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 7/01
қаулысына
қосымша

Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағалары

Қосымша білім беру ұйымының атауы

Ақылы көрсетілетін білім беру қызметінің тізімі (үйірмелер, бөлімшелер, курстар)

1 үйірме үшін айына қосымша білім беру ұйымына ата-аналар төлемінің көлемі

1

"Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар музыкалық мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

1. Домбыра, баян-аккордеон, скрипка, хор, сыбызғы, эстрадалық өлең айту, "Алақай" ерте жастан музыкалық дамыту тобы

2200 теңге

2. Фортепиано

2500 теңге

2

"Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің Әубәкір Ысмайлов атындағы балалар көркемсурет мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

1. Көркем-эстетикалық курстар (Шахтинск қаласы)

2200 теңге

2. Көркем-эстетикалық курстар (Шахан кенті)

1900 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады