Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/369 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 2868 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 13.04.2023 № 2/15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (одан әрі – әлеуметтік көмек).

      2. Әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      3. Келесі шарттар белгіленсін:

      1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан, және ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және өзге заңды өкілдеріне отбасы кірісіне қарамастан беріледі;

      2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомоствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) әлеуметтік көмек төлемі қаржының түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмекті тоқтатуға қатысты (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) жағдайлар бар болғанда төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрайымы

Г. Бахраева

Абай аудандық


мәслихатының


хатшысы

Б. Цай


      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Абай ауданының жұмыспен

      қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      З. Шәкентаев


      19.11.2014

      "Абай ауданының экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Ж. Жиенбаева


      19.11.2014



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады