Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 10 "Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 9 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 қазанда № 6495-09 болып тіркелді

      Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 10 "Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4131 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережеде:

      1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";

      7 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, ауданның дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.";

      10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.";

      11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.";

      13 тармақтың 4 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады