Бұқар жырау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 қазанда № 6498-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығы негізінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20284 болып тіркелген), аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2023 жылға бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 29
қыркүйектегі
№ 7
шешіміне қосымша

Бұқар жырау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

Атауы

1 шаршы метр үшін шығыстардың ең төмен мөлшері (айына/теңге)

1

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

34,28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады