Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" 2020 жылғы 13 қаңтардағы №2 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5679 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | Е. Құсайын |