Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 293 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 қарашада № 6517-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 19-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарқаралы ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      3) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

      4) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;

      5) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;

      6) церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар;

      7) ақыл-ойдың бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ә. Арғынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады