Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 18 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға лауазымдық жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 15 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 мамырда № 6409-09 болып тіркелді

      Аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыружәне мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға лауазымдық жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы № 18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6208 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға лауазымдық жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      көрсетілген шешімінің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра аудандық мәслихатының төрағасы К. Жунусбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады