Осакаров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 06/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 ақпанда № 6355-09 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осакаров ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) жүріп - тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

      2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады