Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 86/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 қазанда № 6501-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 19-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      3) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

      4) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;

      5) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;

      6) церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар;

      7) ақыл-ойдың бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар.

      2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28466 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушысы А. Шалабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады