"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 53 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Көрсеткіш | Барлық қажеттілік, мың теңге | Бірегей тұқымдар, мың теңге | Элиталық тұқымдар, мың теңге | Бірінші көбейтілген тұқымдар, мың теңге | Бірінші ұрпақ будандары, мың теңге |
Элиталық көшеттер |
Жергілікті бюджет | 165 796 | 2 833 | 41 577 | 104 506 | 10 000 | 6 880 |
Барлығы | 165 796 | 2 833 | 41 577 | 104 506 | 10 000 | 6 880 |