Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7771 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 4 және 8 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген шешімнің қосымшасы 29 жолымен толықтырылсын:
29 | Нейрофиброматоз 1 типті, плексиформды түрі | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады | - Селуметиниб |
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Байкадамов |