Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекараларын белгілеу және жерлерді пайдалану режимiн айқындау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 81 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 мамырда № 8415-11 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 121-бабына және "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына, 14-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекаралары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы 19 мамырдағы
№ 81 қаулысына 1-қосымша

Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекаралары

Қала, аудан атауы

Жер санаты

Күзет аймақтары шекараларының көлемі, гектар

Магистральдық құбырлардың күзет аймақтарының шекаралары (құбыр осінен), метр

Газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекаралары (аумақ шекараларынан барлық жаққа кейін қалатын), метр

1

2

3

4

5

6

1

Қызылорда қаласы

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

107,78

25

100

2

елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi

16,3813

50

3

су қорының жері

5,15

50

4

босалқы жер

564,0187

50


Жинағы:

-

693,33

-

-

5

Арал ауданы

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

1,8378

50

100

6

босалқы жер

65,483

50


Жинағы:

-

67,3208

-

-

7

Қазалы ауданы

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

14,6599

25

100

8

елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi

27,7868

50

9

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

1,4088

50

10

орман қорының жерi

15,7898

50

11


су қорының жері

0,8072

50


12

босалқы жер

614,0135

50


Жинағы:

-

674,466

-

-

13

Сырдария ауданы

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

18,383

25

100

14

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

0,2649

50

15

босалқы жер

53,6288

50


Жинағы:

-

72,2767

-

-

16

Шиелі ауданы

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

11,6752

25

100

17

елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi

118,6139

50

18

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

3,1446

50

19

су қорының жері

3,9904

50

20

босалқы жер

150,4453

50


Жинағы:

-

287,8694

-

-

21

Жаңақорған ауданы

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

6,6416

25

100

22

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

8,2501

50

23

босалқы жер

17,6695

50


Жинағы:

-

32,5612

-

-


Барлығы:

-

1827,8241

-

-

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы 19 мамырдағы
№ 81 қаулысына 2-қосымша

Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимi

      Магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарында:

      1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;

      2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

      3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;

      4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

      5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

      6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

      7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

      8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады