"Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 42 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 223 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 8472-11 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8373-11 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбарасына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы С. Кожаниязов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 223 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы "6" наурыздағы
№ 42 қаулысына 1-қосымша

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем
бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар норматив
тері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы,
мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/
шағылыстыру
маусымы

10 000

48 890

488 900

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

15 000

5 000

75 000

2

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып
алынған бас

150 000

1 230

184 500

3

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

3.1

Отандық

сатып
алынған бас

150 000

934

140 100

4

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тірідей
салмағы, килограмм

200

1 453 010

290 602

барлығы

1 179 102

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

5

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:

5.1

Бір жынысты

сатып
алынған доза

10 000

2 300

23 000

5.2

Қос жынысты

5 000

400

2 000

6

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

6.1

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

сатып
алынған бас

225 000

97

21 825

барлығы

46 825

7

Сүт өндіру құнын арзандату:

7.1

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

45

5 913 000

266 085

8

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

ағымдағы
жылы
ұрықтандырылған бас

5 000

1 306

6 530

барлығы

272 615

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

9

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

11 000

660

Қой шаруашылығы

10

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

10.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/
шағылыстыру
маусымы

4 000

143 430

573 720

10.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

70 481

176 202,5

11

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып
алынған бас

15 000

48 024

720 360

12

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

өткізілген
бас

3 000

12 404

37 212

барлығы


1 507 494,5

Жылқы шаруашылығы

13

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100 000

3

300

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

14

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:

14.1

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

240 000

1 436

344 640

15

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

132 267,5

7 936,05

16

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

145 850

8 021,75

барлығы


360 597,8

2022 жылғы күту парағына түскен өтінімдер:

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

17

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

17.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру
маусымы

10 000

268

2 680

18

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып
алынған бас

150 000

44

6 600

19

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тірідей
салмағы, килограмм

200

1 328 406

265 681,2

барлығы

274 961,2

Қой шаруашылығы

20

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

20.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/
шағылыстыру
маусымы

4 000

5 445

21 780

21.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

11 751

29 377,5

22

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып
алынған бас

15 000

4 614

69 210

23

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

өткізілген бас

3 000

1 494

4 482

барлығы

124 849,5

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

24

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:

24.1

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

480 000

158

75 840

Жиыны

3 843 245

      Ескертпе:

      Жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды, ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын сатып алу бекітілген нормативтерге сәйкес субсидияланады, ал бекітілген нормативтен сатып алу құнының жартысы асып кеткен жағдайда, субсидиялау сатып алу құнының 50% - ына тең мөлшерде жүзеге асырылады.

      Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 100%-на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтерден аспайды.

      Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/тұқымдық қошқарларды тауарлық табынға/отарға одан әрі жалға беру кезінде өтінім беруші етті мал шаруашылығындағы/қой шаруашылығындағы оператор болып табылады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.

      Асыл тұқымды тұқымдық айғырлар мен тұқымдық түйелерді сатып алу аналық мал басы бар болған кезде субсидияланады. Аналық мал басының арақатынасын есептеу бір тұқымдық аталыққа кемінде 8 аналық басты құрайды және 15 аналықтан аспайды.

      Уәкілетті орган Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі жұмысының алгоритмін әзірлейді және оны Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне және Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына орналастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады