Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 3544 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қазанда № 8457-11 болып тіркелді

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі А. Шаменов

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 13 қазандағы
№ 3544 қаулысына қосымша

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Қызылорда қаласы

1.

Қазыбек би көшесі, № 22 тұрғын үйдің сол жағында

2.

Әйтеке би көшесі, "Мечта" тұрмыстық техника дүкенінің алдында

3.

Абай даңғылы, "Алатау" супермаркетінің алдында

4.

Желтоқсан көшесі, № 24 тұрғын үйдің оң жағында

5.

Н. Назарбаев даңғылы, "SMALL" супермаркетінің алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады