Арал ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 68 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 шілдеде № 8428-11 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 168 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 168 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады