Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінің көшелері мен тұйық көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кенті әкімінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 9 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 ақпанда № 8362-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сексеуіл кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінің көшелері мен тұйық көшелері:

      Степная тұйық көшесін Бауыржан Момышұлы тұйық көшесіне;

      Восточная көшесін Жанқожа батыр көшесіне;

      Құмсай тұйық көшесін Әйтеке би тұйық көшесіне;

      Жеңістің 30 жылдығы көшесін Арыстан баб көшесіне;

      Лев Толстой көшесін Әбілқайыр хан көшесіне;

      Қазақстанның 50 жылдығы көшесін Қадыржан Таласов көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сексеуіл кентінің әкімі С. Турешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады