"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сексеуіл кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3, 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1, 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 қорытындылары негізінде ШЕШТІМ:
1. Сексеуіл кентінің атауы жоқ көшесіне Әбу Насыр әл-Фараби атауы берілсін.
2. Сексеуіл кентінің келесі көшелері:
Октябрь көшесін Жақсылық Жетесов көшесіне;
Л. Говоров көшесін Дәріқұл Өтегенұлы көшесіне;
Комсомол көшесін Жұбанияз Қаратабанов көшесіне;
Карл Маркс көшесін Садық Әйменов көшесіне;
Москва көшесін Қапаш Қарақұлов көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сексеуіл кентінің әкімі | С. Турешов |