Әйтеке би кентінің көшелері мен тұйық көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 144 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 8387-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Әйтеке би кентінің көшелеріне және тұйық көшесіне келесі атаулар берілсін:

      "Қазалы" шағын ауданындағы атауы жоқ көшесіне Қолдас Сүйеубаев көшесі;

      Жанқожа батыр 3 шақырымындағы № 1 атауы жоқ көшесіне Жүсіпбек Пұсырманов көшесі;

      Жанқожа батыр 3 шақырымындағы № 2 атауы жоқ көшесіне Нағымет Құлбаев көшесі;

      Жанқожа батыр 3 шақырымындағы атауы жоқ тұйық көшесіне Әбдінәби Ұлманов тұйық көшесі;

      Жанқожа батыр 3 шақырымындағы № 3 атауы жоқ көшесіне Бекжан Дидаров көшесі;

      Жанқожа батыр 3 шақырымындағы № 5 атауы жоқ көшесіне Дабыл Бекшеұлы көшесі;

      2 кварталдағы атауы жоқ көшесіне Жеті ишан көшесі;

      2 кварталдағы № 3 атауы жоқ көшесіне Бүркіт Жөкелов көшесі;

      5 кварталдағы атауы жоқ көшесіне Жәрмедет Ысқақов көшесі.

      2. Әйтеке би кентінің келесі тұйық көшелері:

      Қашақбай Пірімов тұйық көшесін Дөңесбай Ділімбетов тұйық көшесіне;

      Қарасақал Ерімбет тұйық көшесін Сақтаған Байтілеуов тұйық көшесіне;

      Әбжами Айбосынов тұйық көшесін Қуандық Бәкенов тұйық көшесіне;

      Жалаңтөс Баһадүр тұйық көшесін Жетіскен Мәкеналы тұйық көшесіне;

      Қаныш Сәтбаев тұйық көшесін Күнтуған Көшімов тұйық көшесіне;

      Қарасақал Ерімбет - 1 тұйық көшесін Айдарбек баба тұйық көшесіне;

      Достық тұйық көшесін Қожахмет Қожаниязов тұйық көшесіне;

      5 кварталдағы Қорқыт ата тұйық көшесін Рзаш Өтегенов тұйық көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би кентінің әкімі К. Орынбасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады