Арықбалық ауылдық округі Жанқожа батыр ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 03-1/33 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 наурызда № 8377-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жанқожа батыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Арықбалық ауылдық округі Жанқожа батыр ауылындағы Орталық саябақ Әзілхан Жақсылық болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Кайруллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады