Жалағаш ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 4-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 шілдеде № 8434-11 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жалағаш ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы У. Елеусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады