Қаракеткен ауылдық округі Қаракеткен ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 маусымда № 8423-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қаракеткен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қаракеткен ауылдық округі Қаракеткен ауылының келесі көшелері:

      Карл Маркс көшесін Әуелбек Қоңыратбаев көшесіне;

      Дружба көшесін Қарақұм көшесіне;

      ЛСП көшесін Қараөзек көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаракеткен ауылдық округінің әкімі А. Тоқтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады