"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Жаңақорған ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 372 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6048 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |