"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 706 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6655 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |