Шиелі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 35/7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 11-0-8355 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шиелі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы Т. Жағыпбаров

  Шиелі аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 35/7 шешіміне қосымша

Шиелі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептiк бiрлiк

Теңге (Қосылған құнға салықсыз)

1.

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

147,22

2.

Бірлік (көлем) үшін
жылдық тариф

1 м3

2403,65


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады