Шиелі ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 3/50 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 мамырда № 8414-11 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 11/28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Шиелі ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы А. Жандарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады