"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бидайкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне Абат Қазбеков көшесі;
атауы жоқ көшесіне Базарбай Мәмбетов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бәйтерек ауылдық округінің әкімі | Ж. Ақбергенов |