Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 "Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2155 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:
2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бағдарламаның әкімшісі);".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |