Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/47 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 қазанда № 4605-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабының 5)-тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж.Матаев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/47 шешіміне қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3

4

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

61,82

2

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

285,51

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

80,39

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

77,62

5

Су көлігі

1000 текше метр

42,19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады