Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2955 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларына қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Манғыстау облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Маңғыстау облысының Төтенше
жағдайлар департаменті"
мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын орындар
Ақтау қаласы бойынша:
1) ұзындығы 300 метр және ені 20 метр 4а шағын ауданында орналасқан "Каспиан Ривьера" қонақ үйінен 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы;
2) ұзындығы 100 метр және ені 20 метр "Шора" су каналының жағалау аймағы;
3) ұзындығы 3800 метр және ені 120 метр "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су каналының жағалау аймағы.
Түпқараған ауданы бойынша:
1) ұзындығы 2000 метр және ені 30 метр "Ақтау-Форт-Шевченко" автомобиль жолының 43 шақырымында орналасқан жағалау аймағы;
2) ұзындығы 900 метр және ені 30 метр "Ақтау-Форт-Шевченко" автомобиль жолының 64 шақырымында орналасқан "Голубая бухта" жағалау аймағы;
3) ұзындығы 3200 метр және ені 30 метр "Ақтау-Форт-Шевченко" автомобиль жолының 86 шақырымында орналасқан "Саура" жағалау аймағы;
4) ұзындығы 3700 метр және ені 30 метр Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан "Тамшалы" жағалау аймағы.
Қарақия ауданы бойынша:
1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары;
2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары.
Мұнайлы ауданы бойынша:
ұзындығы 380 метр және ені 170 метр Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 шақырымда орналасқан кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы.