Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 43/355 "Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шешім 21.08.2023 №6/53, Жаңаөзен қаласының мәслихаты

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 43/355 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2876 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережеде:

      3 тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты қала әкімі аппаратының және қалалық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде ұсыныстар дайындау үшін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.";

      орыс тіліндегі 10 тармақ жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Құрмет грамотасы салтанатты түрде қала әкімімен, қалалық мәслихаттың төрағасымен наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және қала активінің жиналыстарында табыс етіледі.";

      13 тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мәтіннің астында қосарланып қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады